«Семей Орманы» табиғи орман резерваты аумағында соңғы 20 жылдағы ең төмен ауа температурасы тіркелді. Батпай орман шаруашылығында термометр көрсеткіштері 55 градус суықты көрсеткен. Сондай-ақ Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен орман шаруашылығының «Тау дала» филиалында 53 градусқа дейін суытқан. Абай облысында соңғы екі-үш күнде қатты аяз бет қаратпай тұр. Бүгін «Қазавтожол» мекемесі өңірдегі 6 жол учаскесінде күннің қатты аяз болуына байланысты дизельмен жүретін көліктер үшін шектеу қойылғандығын хабарлады.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=-55 градус: Семей орманында соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/189576/)