Жатақханадағы орын тапшылығы үш есе азайды – Саясат Нұрбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жатақханадағы орын тапшылығы үш есе азайды – Саясат Нұрбек

16.11.2023

Биыл елімізде студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есеге азайған. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министр сөзінше, қыркүйек айынан бастап елімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейген. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылардың жалақысы өскен. Кездесу барысында Мемлекет басшысы білім беру деңгейін арттыру, ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Мемлекет басшысына биыл қабылданған 7 жылдық Жоғары білім және Ғылым тұжырымдамасының нәтижелері баяндалды. Біріншіден, шәкіртақы екі есе өсті. Оқытушылар мен профессорлардың жалақысы екі есе өсті. Төрт негізгі өңірлік университеттерде арнайы орталықтар ашылмақ. 15 негізгі академиялық университеттерде зерттеу үлкен орталықтар ашылады. Зертханалар мен жабдықтау процесіне қаржыландыру бөлінді. 


Хабарламаларға жазылу