20 миллионыншы тұрғынның бірі - талдықорғандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 миллионыншы тұрғынның бірі - талдықорғандық

16.11.2023

Сонымен 20 миллиноныншы тұрғынның бірі Талдықорған қаласында дүниеге келді. Ұл баланың салмағы 3 келі, бойы 50 сантиметр. Анасы Диана Әзімбаева бұл біздің отбасымыздағы төртінші сәбиіміз дейді.

Нәрестесінің аман-есен дүниеге келгеніне қуанған Диана ұлының 20 млн-шы тұрғын атанғаны тосын сый болғанын айтады. Отбасы кішкентай бөбектің атын да қойып үлгерді.

Диана Әзімбаева, 20 миллионыншы тұрғынның анасы:

Күтпеген жаңалық болып отыр біз үшін. Әрине қуаныштымыз. Қуанышымда шек жоқ. Барлығы құттықтап жатыр. Атын қойдық. Аты – Айсұлтан Мұхтарұлы. Қазақ еліне қызмет етіп, батыр азаматтардың бірі болсын.

Қуаныш Қанатұлы


Жетісу облысы Талдықорған

Хабарламаларға жазылу