Әуе апатынан қаза тапқандардың бірі - Бауыржан Қалиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе апатынан қаза тапқандардың бірі - Бауыржан Қалиев

28.12.2019

Алматы маңындағы ұшақ апатында қаза болғандардың бірі - талдықорғандық Бауыржан Қалиев. 1979 жылы туған азаматтың артында еңіреп ата-анасы, жары мен жәутеңдеп үш баласы қалды. Бауыржан сол күні Нұр-Сұлтанға іссапармен барып кешкісін қайта оралуды жоспарлапты. Амал нешік. 

Марқұмның денесі ертең жер қойнына тапсырылады. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу