Сүйінші, Қазақ елі. 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында ақжолтай хабармен бөлісіп, Қазақстандықтарды құттықтады.
Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев парақшасында.
Қуаныш Қанатұлы