Шымкентте ірі қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ірі қылмыстық топ ұсталды

14.11.2023

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар жергілікті кәсіпкерлерді қорқытып, күш көрсету арқылы ақшалары мен автокөліктерін тартып алған. Полиция олардан қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарын тәркіледі. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ересегі 40 жаста, ал кішісі 20 жастағы бозабалалар. Олардың дені бұрын қылмысы үшін сотты болған. Арнайы операция нәтижесінде полицияға 10 адам жеткізілді. Топтың ең белсенді 4 мүшесі қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу