Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионы атанды

13.11.2023

Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионы атанды. Ереван қаласында өткен тартысты додада отандасымыз аса ауыр салмақта үздік шықты. Арайлым алдымен ширек финалда Филиппин өкілін, кейін жартылай финалда румыниялық балуанды 3:2 есебімен қапы қалдырды. Ал финалда 80 келіден жоғары салмақта ресейлік спортшы, Орынбор облысының өкілі Жанар Құсанованы 6:0 есебімен жеңді. Арайлым қазақ қыздары арасында алғаш рет аса ауыр салмақта үздік атанып отыр.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу