Назгүл Маратова самбодан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назгүл Маратова самбодан Әлем чемпионы атанды

14.10.2014
Назгүл Маратова самбодан Әлем чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық Назгүл Маратова Сеулде самбодан Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл Маратова самбодан жастар арасындағы Сеулде өткен Әлем чемпионатына қатысып, 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Тағы бір қуанышты жаңалық, Иркутск қаласында өткен грек-рим күресінен халықаралық турнирдің жеңімпазы болып Ақан Баймағамбетов аталды. Ақан Баймағамбетов 59 келі салмақ дережесінде бірінші орын алды.

Хабарламаларға жазылу