Алдағы уақытта үй бағасы 5 пайызға арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы уақытта үй бағасы 5 пайызға арзандауы мүмкін

10.11.2023

Алдағы уақытта үй бағасы 5 пайызға арзандауы мүмкін. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов осындай болжам жасады. Оның сөзінше, қазір баспана онсыз да қымбат. Астана, Алматы қалаларындағы жаңа пәтердің бір шаршы метрінің құны 900 мың теңгеге дейін барады. Бір жылда баға 5,1 пайызға өскен.

Ал тиімді ипотекалық бағдарламалардың жоқтығынан жылдан-жылға үйге сұраныс азайып жатыр. Соңғы бір айдың өзінде сатып алушылар 7 пайызға кеміді. Сарапшы баспана мәселесін шешу үшін жаңа бағдарлама құрудың қажеті жоқ екенін, «7-20-25» бағдарламасының мүмкіндігін кеңейту керектігін айтады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу