Елімізде құрылыс материалдарының бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құрылыс материалдарының бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттаған

31.03.2022

Ал құрылыс материалдарының бағасы шарықтап барады. Құрлысшылар қауымдастығының хабарлауынша бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Ал кейбір материалдардың бағасы екі еседей көтерілген. Мәселен былтыр тоннасы 320 мың теңге тұрған арматура қазір 507 мыңнан сатылып жатыр. Бетон да айтарлықтай қымбаттаған. Осыдан шаршы метр бағасы да көтеріліп келеді. Айтуларынша құрылыс материалдарының құны жыл соңына қарай тұрақталып сәл арзандауы мүмкін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу