«Медеу-Шымбұлақ» жолына таудан тас құлауына байланысты көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы 1 желтоқсанға дейін шектелді.
Тек студенттік соқпақ жол арқылы жаяу серуендеуге болады. Бұл аумақта 25 қазанан бастап құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Алматы әкімдігінің мәліметінше, электромобиль және такси жүргізушілеріне таңғы 9:00-ге дейін және сағат кешкі 18:00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. Ал түскі 13:00-ден 14:00-ге дейін тек техникалық қызметтердің арнайы көліктері кіреді.
Әйгерім Ердәулет