Елімізде киік етін өткізетін 7 кәсіпорын бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде киік етін өткізетін 7 кәсіпорын бар

07.11.2023

Елімізде киік етін өткізетін 7 кәсіпорын бар. Бұл туралы салаға жауапты министрлік хабарлады. Бетпақ дала популяциясы бойынша, ет комбинаттары Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында орналасқан. Ал Батыс өңіріндегі 3 пункт Оралда, қалған біреуі Атырауда жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік бірінші орында. Сондықтан, сою орындарына арнайы ветеринар мамандар бекітілген. Олар өнім сапасын қадағалайды. Ал сатуға байланысты мониторинг жүргізіліп жатыр. Мүйізіне қатысты бөлек алгоритм бар. Кесілген соң, нөмірленеді. Айта кеткен жөн, тек Батыс Қазақстан облысы бойынша, айналасы бір айға жуық уақыттың ішінде 7 мыңнан астам киік ауланды.

Нұрлан Рақымжанов, Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы:

Бірінен кейін бірін әкеліп жатыр. Бес ет өңдейтін кәсіпорынға. Бесеуімен келісімшарт жасалған еді. Бірақ қазір бір себептермен біреуіне тоқтатып қойдық. Тиісті тексеру жүріп жатыр. Қалған төртеуіне апарылып жатыр. Бәрінің де «Охотзоопроммен» келісімшарттары бар және талаптарға сай мал дәрігерлері, ветеринарлық лабораториясы да бар.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу