Арқалықта бұқтырылған киік еті өндіріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалықта бұқтырылған киік еті өндіріле бастады

23.11.2023

Қостанай облысындағы Арқалық ет комбинаты киік етін консервілеп шығара бастады. Бір айға жуық уақытта кәсіпорын ауланған 500 ақбөкенді қабылдаған. Бұл жоспарланған көлемнің алтыдан бір бөлігі ғана. Келісім шарт бойынша ет комбинатына қарашаның аяғына дейін үш мың киік өткізілуі тиіс. Өндіріске жіберілер алдында әрқайсының еті зертханалық тексерістен өтеді. Мамандардың айтуынша, өнімнің бұл түріне қазір сұраныс жоғары.

Серікболсын Оспанов, консервілеу цехының шебері:

Автоклавқа келіп түседі. Осының ішінде піседі. Бәрі автоматтандырылған жүйеде. Бір сағатта піседі. 120 градуста қайнайды. Осының ішінде, стерелизация, охлождение бәрі осының ішінде болады.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу