Астанада автогаз талонмен беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада автогаз талонмен беріліп жатыр

07.11.2023

Астанадағы жанар-жағармай бекеттерінде сұйытылған газ тапшы. Сондықтан да сауда шектеліп, талонға көшкен. Атыраудағы зауыттың күрделі жөндеуден өтіп жатқаны газдың жетіспеуіне әкеліп отыр. Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше кеше қала бойынша 900 тонна газ болған. Бүгін тағы 16 вагон сұйытылған газ келеді. Қарашаның 8-і тағы 15 вагон газ жеткізілмек. Әкімдіктегілердің айтуынша жағдай толық бақылауда және жуық арада газға деген тапшылық бірте-бірте жойылады.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу