Астанада автогаз жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада автогаз жетіспейді

07.11.2023

Астанадағы автогаз тапшылығына байланысты бүгін Энергетика министрлігі өкілдері түсінік берді. Айтуларынша, жетіспеушілікке мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуы әсер еткен. Салдарынан автогаз құю бекеттерінде көгілдір отын тапшы. Тек талонмен құйылады.

Жауапты ведомства өкілдерінің айтуынша, мәселе осы аптаның аяғында толықтай шешілуі тиіс. Қазір Астанаға Ақтөбеден 25 вагон, яғни, 900 тонна газ жіберілді. Ол 4-5 күнде жеткізілмек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу