«Аllur» кәсіпорны өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аllur» кәсіпорны өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып жатыр

06.11.2023

Қостанайдағы машина жасау зауыты өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып жатыр. Сонымен қатар мұнда әр қызметкердің біліктілігін көтеруіне жағдай жасалған. Тілші рептортажы.

Бүгінде Қостанайдағы машина жасау зауытындағы жұмысшылар саны 3 мыңнан асқан. Соның 1700-ге жуығы жас мамандар.

Дархан Сағымбай:

Біз мұнда жұмыс істеп, қосымша дуальді түрде қашықтан оқып жатырмыз. Диплом алғасын осында жұмыс істеп қалуға жағдай жасалған.

Қызметкерлердің біліктілігін көтеріп қосымша білім алуына арнайы бағдарлама дайындалған. Соның негізінде олар тек елімізде ғана емес, шетелдерде де оқуына болады. Өнідіріске болашақ кадрлар дайындау үшін жергілікті оқу орындарымен әріптестік қатынас жолға қойылған.

Сәния Иментаева, Жоғары инженерлік мектебінің басшысы:

Қостанай мектебінде Аллюр спейс кабинетін аштық. Мақсаты - білікті инженерлік кадрларды мектеп аясынан бастап дайындау. Автомобиль колледжінде кәсіби біліктілік орталығын ашамыз.

Жұмысшыларды тасымалдау, түскі ас тегін. Спортты дамытуға да баса мән беріледі. Ынталандыру мақсатында еңбек өтілі артқан сайын қызметкердің жалақысы да көбейеді.

Әлібек Құсайынов, «Аllur» кәсіпорнының әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры:

Медициналық клиникаларға қаралуына біздің жұмыскерлерге жеңілдіктер қарастырылған. Балалар орталығына балаларын апарса да солай.
Биыл зауыт жанынан қызметкерлерге арналған тоғыз қабатты жатақхананың құрылысы басталды. Ғимарат келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта балабақша нысанын салу жоспарда тұр.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу