Жыл сайын әлемде 246 миллион бала буллингке ұшырайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын әлемде 246 миллион бала буллингке ұшырайды

03.11.2023

Жыл сайын әлемде 246 миллион бала буллингке ұшырайды. Бүгінде мектепте жасалатын буллингтің алдын қалай алу керек? Бұл сауалды Финляндиялық буллингпен күрес ұйымының өкілі Кристина Салмиваллиге Скайп арқылы ой бөлісті. Кристина Салмивалли Астанада өткен халықаралық ғылыми конференцияда мектептегі зорлық-зомбылық тақырыбы аясында дәріс өткізген болатын.

Сұрақ: Hello, Сhristina! How to prevent bullying, which is held today at school, what is its importance

Кристина Салмивалли, Финляндиядағы Турку университетінің профессоры, буллингке қарсы халықаралық «Кiva» бағдарламасының авторы:

Менің ойымша, бұл өзекті мәселе. Өзім 30 жылдан астам уақыт бойы осы тақырыпта ғылыми негіздемелер жасап, мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын зерттеп келемін. Шамамен 15 жыл бұрын біз «Сyberantibulying» деп аталатын бағдарламаны жасадық. Бұл жоба дәл осы мәселені Финляндияда толық шешпесе де, буллингке ұшыраған балалардың санын біршама азайтты. Балалар мектепке келгенге дейін қорқытудың алдын алу шаралары жасалу керек. Балабақшада қоршаған ортаға бейімделуін қадағалау, айналасындағылармен байланыс орнату, оларды құрметтеу, тыңдау, үйрету маңызды. Ал бала бұл айтылғандардың ешбірін білмесе, онда ол үлкен ортаға түскенде психологиялық және физикалық қысым алуы әбден мүмкін. 

Сұрақ: Well, how to work with students who have seen bullying at school? What are the consequences?

Кристина Салмивалли, Финляндиядағы Турку университетінің профессоры, буллингке қарсы халықаралық «Кiva» бағдарламасының авторы:

Мектепте мұғалімдер немесе психологтар әр баламен жұмыс жасағанда, оның көңіл-күйіне, іс-қимылына мән бергені жөн. Ал қандайда бір қорқыту белгілерін байқаса, байыпты түрде ғана бұл мәселені шешу керек. Ұрысу, тергеу сынды әрекеттер істі одан ары күрделі етуі мүмкін. Бұдан балалар күйзеліске түсіп, оқу үлгерімі нашарлап, тіпті болашағына да айтарлықтай қауіп төнуі де ғажап емес.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу