АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырудан уақытша бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырудан уақытша бас тартты

15.04.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырудан уақытша бас тартты. Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемдік ұйым коронавирустың таралуын дер кезінде бақылай алмады. Ал Америка болса, осы ұйымға жыл сайын 400-500 миллион доллар беріп келеді.

Экономика демекші, биыл жахан экономикасы тағы 3 пайызға құлдырауы мүмкін. Бұл Халықаралық валюта қорының болжамы. Кесірінен биыл 157 мемлекет рецессияға ұшырайды. Яғни қазіргі жағдай 2009 жылғы дағдарыстан да қиын соқпақ. Әлем экономикасының былай әлсіреуіне коронавирус пандемиясы мен карантиндік шектеулер себеп болып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу