Кофе көліктерді қуаттауға қолданылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кофе көліктерді қуаттауға қолданылмақ

10.10.2017

Кофеден экологиялық таза биоотын алуға болады. Оның тұнбасынан алынатын май көліктерді қуаттауға қолданылады. «Бұл май биохимиялық тәсіл арқылы оңайлықпен биоотынға айналады»,- дейді ғалымдар. Жыл сайын әлемде 8 миллион тонна, соның ішінде Британияда 500 мың тонна кофе тұтынылады. Бұл Манчестердей бір қаланы жылытуға жеткілікті. Айта кетсек, әлемде соңғы кездері кез келген тағам қалдығынан биоотын өндіруге көңіл бөлініп келеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу