«Арселлормиттал Теміртауға» 3 млрд доллар инвестиция салу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселлормиттал Теміртауға» 3 млрд доллар инвестиция салу керек

01.11.2023

Үкімет жуық арада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанға қайтарады. Бұл туралы Премьер-Министр хабарлады. Кәсіпорындағы жалақы мен жұмыс орындары да сақталып, кеншілер қаза болғаннан кейін туындаған міндеттемелердің орындалуын толық қамтамасыз етеміз деді, Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Біз алдағы 3 жылда кемінде $3 млрд инвестициялауға дайын жеке инвесторды тартуымыз керек. Оның шамамен $1,3 млрд-ын бірден құю қажет, өйткені кәсіпорындағы қазіргі жағдай өнеркәсіптік қауіпсіздік пен жабдықты жаңғырту мәселелерін тез арада шешуді талап етеді. Бұл қазақстандық инвестор болады деп жоспарлап отырмыз.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу