Н.Назарбаев: 25 жыл ішінде Қазақстанға 255 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: 25 жыл ішінде Қазақстанға 255 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды

26.05.2016
Н.Назарбаев: 25 жыл ішінде Қазақстанға 255 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды

25 жыл ішінде Қазақстанға 255 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бүгін Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 25 жылдағы жетістіктерін қорытындылады.

«Біз ірі трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастық орната білдік. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 255 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Сондықтан, Қазақстанға сенген барлық компаняларға алғыс  айтқым келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте, Елбасы шетелдік инвестиция - Қазақстан мен Қазақстандағы реформаларға деген үлкен сенімнің дәлелі екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу