Түркістан облысын дамытуға 3,6 трлн теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысын дамытуға 3,6 трлн теңге жұмсалады

01.06.2021

Түркістан облысын дамытуға 2025 жылға дейін 3 трлн 6 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде 3 трлн теңгеге жуық қаражат жеке инвестиция арқылы тартылмақ. Қалғаны республикалық және жергілікті бюджеттен. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкіметте 142 жобаны құрайтын кешенді жоспарды таныстырды. Айтуынша, Түркістанда мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техника өндіру зауытын салу, сондай-ақ «ТURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын 973 гектарға ұлғайтады. Сонымен бірге 130 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу