Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихта алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті. Мексиканың КанКун қаласында өтіп жатқан бәсекенің екінші айналымында отандасымыз грекиялық Мария Саккариден 6:0, 6:7 және 7:6 есебімен басым түсті. Осы жеңісінің арқасында ол топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Енді Елена Рыбакина соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы Арина Сабаленкомен сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.
Берік Көшербай