Әлем кубогы: Қазақстандық шорт-трек шеберлері үшінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем кубогы: Қазақстандық шорт-трек шеберлері үшінші орын алды

30.10.2023

Қазақстан ерлер құрамасы шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді. Канададағы жарыста спортшыларымыз 5000 метр қашықтыққа жүгіруде мәре сызығын төртінші болып кесті.

Дегенмен үшінші орын алған Корея құрамасы ереже бұзып, дисквалификацияланды. Сөйтіп қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Аталмыш бәсекеде еліміздің намысын Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев қорғады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу