Ауғанстандық босқындар Пәкістаннан кетуге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандық босқындар Пәкістаннан кетуге мәжбүр

29.10.2023

Ондаған мың ауғанстандық босқын Пәкістаннан кетуге мәжбүр. Өйткені оларды депортациялау мерзімі аяқталған. Өз еліндегі соғыс, ашаршылық, тәліптердің зорлық-зомбылығынан қашқан ауғандар жылдар бойы көршілес Пәкістанға бас сауғалауға мәжбүр. Соңғы деректерге сай, бұл елде 4 млн 400 мың ауғанстандық босқын тұрады. 2 миллионға жуығында жеке бас құжаттары жоқ. Бұл жағдайға БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі алаңдаушылық білдірді. Пәкістан билігін ауғандарды жаппай депортациялау туралы шешімін қайта қарауға үндеді. Халықаралық ұйымның мәлімдеуінше, өз еліне оралуға мәжбүр болған босқындар Ауғанстанда қысымға ұшырауы мүмкін. Ал Пәкістан үкіметі болса, заңсыз мигранттарды жаппай депортациялау қандай да бір ұлтқа қарсы бағытталмағанын, оларға қысым көрсетілмейтінін алға тартты.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу