Қарағанды шахтасында болған қайғылы жайтқа Ресей, Беларусь, Франция елдерінің президенттері көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды шахтасында болған қайғылы жайтқа Ресей, Беларусь, Франция елдерінің президенттері көңіл айтты

28.10.2023

Қарағанды шахтасында болған қайғылы жайтқа Ресей, Беларусь, Франция елдерінің Президенттері мен Түркия елінің сыртқы істер министрілігі көңіл айтты.

«Қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, қолдау білдіремін, жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз» – деді Ресей президенті Владимир Путин өз жазбасында.

Беларусь Республикасы Қазақстанның көмір шахтасында болған апат туралы хабарды күйзеле қабылдаған. Беларусь халқы қазақстандықтармен бірге басқа түскен қиындық пен орны толмас қазаның қайғысын бөліседі - деп жазған Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Франция елінің президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желідегі парақшасында: "Бірер күнде Қазақстанға ресми іс-сапармен бармақпын. Алайда, елде қайғылы жайт орын алған көрінеді. Зардап шеккен барлық кеншілердің отбасына қайғырып көңіл айтамын»,-деп жазды.


Хабарламаларға жазылу