Ұлттық құрылтай мүшесі Арман Қашқынбеков шахтада қаза тапқан кеншілердің ет жақындарына қайғырып көңіл айтты. Ол бүгінгі қайғылы жағдайға инвестордың жауапсыздығы себеп деді.
Арман Қашқынбеков, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі:
Бұл инвесторлар тарапынан қылмыстық жауапсыздық. Бұл бірінші апат емес. Бейбіт заманда жүздеген кенші көз жұмды. Біздің елде мұндай жауапсыз компанияларға орын жоқ. Өз атымнан қаза болған кеншілердің жақындарына қайғырып көңіл айтамын.