Израиль әскері Газада рейд жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері Газада рейд жүргізді

27.10.2023

Израиль армиясы Газа секторының орталық бөлігінде рейд жүргізді. Оның барысында ХАМАС-тың ондаған нысанына соққы берілген. Құрлық әскері жойғыш ұшақтар мен ұшқышсыз аппараттарды қолданып, Шуджаия ауданын шабуылдаған. Бұған қоса күллі сектор аумағына әуеден және артиллериядан оқ атылды.

Ал БҰҰ-ның мәліметінше, палестиналық анклав тұрғындарының жағдайы өте ауыр. Шұғыл гуманитарлық көмек қажет. Су мен азық-түлік таусылуға жақын, көшелер қоқысқа толған. Бұл қауіпті аурулардың таралуына әкеп соғуы мүмкін. Оның үстіне Газа ауруханасындағы жансақтау бөлімінде науқастарды қабылдайтын орын қалмаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, ХАМАС қазанның 7-де Израильге шабуыл жасағанда тұтқынға түскендердің саны 229-ға жеткен. Қарулы топ Израиль оқ атуды тоқтатқанда ғана кепілдегілерді босататынын мәлімдеді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу