Израиль Газада 300-ден астам нысанды қиратқанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газада 300-ден астам нысанды қиратқанын мәлімдеді

31.10.2023

Газа секторында Израильдің жаяу әскері мен Хамас жасақтары арасында үлкен шайқас жүріп жатыр. Мұны Израиль армиясы хабарлады. Сонымен қатар, Израиль палестиналық анклавқа әуеден соққы беруді түні бойы жалғастырып, 300-ден астам нысанды қиратқанын мәлімдеді.

Бұл соғыс қазанның 7-де басталды. Хамастықтар Израильдің оңтүстігіндегі қалаларға тосын шабуыл жасап, 1400 адамды өлтіргеннен кейін ушықты. Содан бері Израильдің бомбалау операцияларынан Газада 8 мыңнан астам бейбіт тұрғын мерт болған. БҰҰ олардың 70 пайызы - әйелдер мен балалар деп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу