Газадан шетелдіктер мен жараланғандар шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газадан шетелдіктер мен жараланғандар шығарылды

02.11.2023

Газа секторынан шетелдің 335 азаматы мен 73 жаралы адам шығарылды. Cоңғылары Мысырда құрылған дала госпиталінде емделеді.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұндай эвакуация бүгін де жалғасады.

Айта кетсек, Израиль әскері Газаны қазанның 7-нен бері бомбалап жатыр. Бұл соғыс «Хамас» жасақтары Израильдің оңтүстігіндегі қалаларға шабуыл жасап, 1400 адамды өлтіргеннен кейін басталды. Ал Газада содан бері Израильдің әуе соққыларынан 8800-ге жуық бейбіт тұрғын мерт болған. Сол құрбандардың 3600-ден астамы - бала.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу