Қар көшкіні жүруі мүмкін: Алматы тауларында блок бекеттер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қар көшкіні жүруі мүмкін: Алматы тауларында блок бекеттер қойылды

03.12.2022

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, таулы аймақтағы қар жамылғысы тұрақсыз. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін «Медеу» бөгетінен жоғары Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолына блок бекеттер орнатылды. Мамандардың айтуынша, Алматы маңында 165 көшкін алқабы бар. Оның 18-і «Медеу» спорт кешенінің төңірегінде, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты және Үлкен Алматы көлі аудандарында орналасқан. Соңғы бір аптада 24 көшкін тіркелген. Төтенше жағдай қызметі шаһар тұрғындары мен қонақтарынан әзірге тауға шығудан бас тарта тұруды сұрайды.


Хабарламаларға жазылу