Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында қоржынымыз тағы медальдармен толықты. Пара пауэр-лифингтен Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды. Ол 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуден жерлесіміз Роман Потапов та қола жүлдегер атанды. Ол мәре сызығын Индонезия және Ираннан келген спортшылардан кейін үшінші болып кесті.
Торғын Мелісқызы