Азия пара ойындарында қоржынға екі күміс медаль түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия пара ойындарында қоржынға екі күміс медаль түсті

24.10.2023

Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жерлесіміз Жалғас Тайкенов күміс жүлде иеленді. Ол пара каноэдан сынға түскен болатын. Жарыс жолында екінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, Азия пара ойындарының тағы бір күміс жүлдесін Бибарыс Спатай қанжығаға байлады. Ол да пара каноэдан бақ сынады. Айта өтейік, бүгінде Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия пара ойындары өтіп жатыр.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу