АҚШ Сенаты Украинаға 40 млрд доллар қаржылай көмек бөлуді құптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сенаты Украинаға 40 млрд доллар қаржылай көмек бөлуді құптады

20.05.2022

Бұл қаржының басым бөлігі Киевке қару-жарақ жеткізуге жұмсалмақ. Ақ үй Украинаға Ресейдің Қара теңіздегі блокадасын бұзу үшін кемеге қарсы зымырандар жібереді. Олардың қатарында «Гарпун» және «Нэвэл Страйк Миссл» ракеталары бар. Ұлыбритания да Киевке алыс қашықтыққа арналған артиллерия, пилотсыз аппараттар мен кемеге қарсы зымырандар беретінін мәлімдеді.

Әскери қақтығыс: Ресей әскері Донбаста шабуылды күшейтті

Ресей соңғы апталарда бар күшін Украинаның шығысына жұмылдырды. Басты мақсаты Донецк және Луганск облыстарын толық басып алу деп мәлімдеді. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей әскері Донбасты бомбалауды күшейтіп, толықтай қиратқан. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Северодонецкіде бейсенбідегі шабуылдан 12 адам қаза тапқан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу