Бүгін ел ақын Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды. Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаназаға жиналғандардың қарасы қалың. Олардың арасында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайреткерлері, ақын-жазушылар және басқа ел азаматтары бар. Несіпбек Айтұлы 74 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 30-дан аса кітап пен поэмалардың авторы. Бостандық жырының бозторғайы болған көрнекті ақынның артынан қалған мол мұрасы өскелең ұрпаққа рухани азық және тағылым-тәрбие болары сөзсіз.
Мылтықбай Ерімбетов, ақын:
Артында керемет із қалдырып, кішкентай ғана ауылдан шыққан Алтайдың жігіттері Астананың, Қазақстанның аспанында жарық жұлдыз болып қалып бара жатыр. Жатқан жері жайлы болсын ағамыздың!
Азамат Нұғыманов