Қазақ елі көрнекті ақын Ибрагим Исаевты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі көрнекті ақын Ибрагим Исаевты ақтық сапарға шығарып салды

30.12.2014
Қазақ елі көрнекті ақын Ибрагим Исаевты ақтық сапарға шығарып салды

65 жасында дүниеден озған поэзия жанашырымен қоштасуға келген қауымды аға буын егіле естелік айтып, жұбатты.

«Көзі кеткенмен, соңында еселі еңбегі қалды», деп шүкіршілік етті.

Ибрагим Исаев сөз өнерін биікке көтеру үшін тапжылмай еңбек етті. Шабыт келгенде тек өлеңді жаза салмай, оны оқырманының жүрегіне жеткізуге тырысты. Өзге ұлттың туындыларын қазақша сөйлетіп, 1200 әнге мәтін жазуы - соның айқын дәлелі. 

«Өлеңде кең ауқымды түсінік болуы қажет», дейтін тұлға еліне салмақты ойларын қалдырды.

Қазақ әндерінің королі халқының мәңгі жадында.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу