Бүгін АҚШ президенті Джо Байден Израильге барды. Бұл сапардың мақсаты – Израильге қолдау көрсету және Газадағы күшейіп келе жатқан соғысты талқылау.
Байден Иорданияға да сапар шегіп, король Абдалла Екіншімен және Мысыр, Палестина президенттерімен кездесуі керек еді. Алайда, ол конференция өтпейтін болды. Себебі, Иордания қатысушылар соғысты тоқтатуға, палестиналықтарды құрметтеп, оларға лайықты көмек көрсетуге келіскенде ғана саммит өткізуге дайын екенін білдірген. Кеше Газа қаласындағы ауруханада жойқын жарылыс болып, жүздеген адам қаза тапты. Осы үшін қазір Израиль мен Хамас бір-бірін айыптап отыр.
Арыстан Рысбек