АҚШ президенті Джо Байден Киевке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Джо Байден Киевке барды

20.02.2023

АҚШ президенті Джо Байден ешкімге жарияламастан, бүгін Киевке барды. Ол әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесіп, Украинаны қанша қажет болса, сонша қолдауға уәде берді. Сонымен қатар, бұрын берілген 50 миллиард доллардың үстіне тағы 500 миллион доллардың қаруын жөнелтетінін жариялады. Бұл пакетке гаубицаға арналған снарядтар, танкке қарсы зымырандар, бақылаушы радарлар кіреді. Байден мен Зеленскийдің кездесуі барысында әуе дабылы қағылды. Алайда, Ресей/ бүгін Украинаға әдеттегідей зымыранмен соққы берген жоқ.

Америка лидері Киевке аттанатынын қауіпсіздік мақсатында ешкімге айтпаған сыңайлы. Ал, «Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, Ақ үйдің қожайыны Польша шекарасынан Украина астанасына дейін пойызбен барған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу