Қызылорда облысында жаңа спорт кешені салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жаңа спорт кешені салынып жатыр

16.10.2023

«Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында Қызылорда облысындағы Үшінші интернационал ауылында спорт кешеннің құрылысы басталды. Екі мыңнан аса халқы бар ауылда спортқа жаны құмар жас көп. Бірақ, балалар мәдениет үйінің тар бөлмесінде спортпен шұғылдануға мәжбүр. Мұнда бір мезетте 30-ға жуық бала жаттығады.

 Мансұр Сапарбек, оқушы:

Бізге осы жер тар болады. Осы күрестің жүріп жатқанына 14 жылдан асты. Осы жерде бәрі қатысып жатыр. Көбісі ауданнан орын алған, Алматыдан орын әкеліп жатыр. Осы балаларға жаңа спорт кешен салынып жатқанына қуанамын.

Қазір спорт кешеннің құрылысы қызу жүріп жатыр. Жобаға сәйкес үлкен жаттығу залы және екі қабатты әкімшілік ғимарат қаралған. Жоспар бойынша келер жылдың көктемінде ел игілігіне беріледі. Президент өз жолдауында ауылды дамытуға басымдық беру қажеттігін айтты. Сондықтан Қармақшы ауданында биыл бірнеше елдімекенде спорт және медицина нысандары салынып жатыр.

Жандос Еркінбек, Қармақшы ауданының әкімі:

Дәл осындай спорт кешен бізде Жаңажол ауылдық округінде құрылысы жүріп жатыр, одан бөлек Ахай ауылында жүріп жатыр. Аудан аумағында үш елді мекенде медициналық амбулаторияның құрылыс жұмыстары да жүріп жатыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу