Қарқаралыда жаңа спорт кешені салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралыда жаңа спорт кешені салынып жатыр

09.10.2019

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынуда. Бұрын-соңды үлкен спартакиадалар мен жарыстарды өткізетін мұндай жеке нысан болған жоқ. 

Ғимаратта футбол воллейбол, баскетбол, бокс және тренажер залдары, 320 орындық көрермен трибунасы, үстел ойындары бөлмесі болады. Спорт кешенін салу үшін облыстық бюджеттен 460 миллион теңге, ал ауданнан 200 миллион теңге қаражат бөлінген. Қазір құрылыс басында 30 адам жүр. Олар жұмыстың 80 пайызын орындады. Желтоқсан айында нысан пайдалануға беріледі. 

Айта кету керек, таулы Қарқаралы өлкесінің қысы қатты. Осыған байланысты ғимарат жылуды жақсы ұстайтын материалдармен салынуда. Ал келешекте ауданға қарасты Нұркен және Егіндібұлақ ауылдарында да спорт кешендерінің құрылысы басталмақ. 

Нұрлан Қасымов, Қарқаралы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

Келесі жылы 100 орындық ФОК салынады Нұркен ауылына. Осындай жұмыс Егіндібұлақ ауылында жоспарланып отыр. Ол 2020 жылға жоспарланып отыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу