Жылдық инфляция төмендеді: Қандай тауарлар арзандаған? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдық инфляция төмендеді: Қандай тауарлар арзандаған?

15.10.2023

Иә, төңіректе тұрақсыздық орнап, қып-қызыл қақтығыстың көбеюі Қазақстан экономикасы үшін тиімді емес екені түсінікті. Өткен жылы инфляция көрсеткіші соңғы 20 жылдағы рекордқа жетіп, 20 пайыздан асқанын білеміз.

Президент Үкіметке осы жылдың соңына дейін 2 есеге төмендетуді, яғни 10 пайызға жеткізуді тапсырған еді. Сыртқы факторларды ескерсек, бұл қаншалықты мүмкін? Министрлер кабинеті соңғы 7 айда инфляция деңгейі біршама төмендегенін айтып, «сүйіншілеп» отыр.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов үкімет отырысында «қазір инфляция 11,8%» деп есеп берген. Ал азық-түлік инфляциясы 11,4%-ға дейін баяулағанын айтады.

Шолпанқұлов бұған жарма, ет, қант, нан-тоқаш және сүт өнімдері бағасы өсуінің тежелуі сеп болды, - дейді. Алайда жеміс-көкөністің әдетте күзде арзандайтынын ескерсек, биылғы маусымдық көрсеткіш көңіл көншітпейді.

Сондықтан айлық азық-түлік инфляциясының деңгейі тарихи орташа межеден жоғары. Ал жанармайдың қымбаттағаны киім, аяқ-киім, дәрі-дәрмек, қатты отын сияқты тауарлардың құнына әсер еткенін білеміз.

Сондықтан 7 айда біршама төмендеген инфляция деңгейі қайта өспей ме? – деген сұрақ әзірге ашық күйінде қалып тұр...

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу