ТМД елдері басшыларының саммиті басталды
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кезекті рет кездесті. Бұл жолы Бішкекте. Өйткені саммитке биыл Қырғызстан төрағалық етті. Отырысқа Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы барды.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Кешелі бері Манас әуежайында абыр-сабыр. ТМД президенттері бірінен кейін бірі келіп жатыр. Осыдан бірер сағат бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев мінген ұшақ та қонды. Бірақ мүше мемлекеттер арасында Армения премьер-министрі Пашинян жоқ. Молдова басшысы да келмеді. Сонымен, саммитте сегіз елдің президенті бас қосып отыр. Олар Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және биыл төрағалық етіп отырған Қырғызстан. Тиісінше, қырғыз тарапы қауіпсіздікке баса мән бергені байқалады. Бішкек көшелерінде тәртіп сақшылары тым көп. Арнайы саммит үшін ішкі істер құрылымының төрт мыңнан аса қызметкері тартылған. Қаланың негізі нүктелерінде көлік қозғалысы шектелді. Тіпті, орталықтағы барлық мектеп онлайн оқуға көшірілді. Саммит күні самокатпен жүруге де тыйым салынды. Ал «Ала Арча» резиденциясында мемлекеттер басшыларын қабылдауы жүріп жатыр. Отырыста аймақаралық түйткілді мәселелер қаралады және бірақтар маңызды құжатқа қол қойылады деген жоспар бар.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00