Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал тас жолы барлық көліктер үшін уақытша жабылды. Себебі аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алтынемел асуында асфальт төселіп жатыр. Басқа айналма жол болмағандықтан қозғалысқа шектеу қойылып отыр. Осыған байланысты Жетісу облыстық ТЖД көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүрмей, бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Қуаныш Қанатұлы