Өзбекстанда жарылыстан соң қоймалар тексеріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда жарылыстан соң қоймалар тексеріле бастады

11.10.2023

Ташкенттегі қоймалардың бірінде болған жойқын жарылыстан соң ел аумағындағы жүк және тауар сақтайтын нысандар түгел тексеруден өткізіле бастады. Бұл туралы кеден комитетінің өкілдері хабар таратты.

Базаркүл Отыншиева, тілші;

Арнайы құрылған жұмыс тобына төтенше жағдайлар, кеден қызметі, газ және қуат тарату нысандарының өкілдері мен санитар мамандар тартылған. Олар өртке қарсы техникалық қауіпсіздік талаптарының қалай қолға алынғанын жіті қадағалауға көшті. Сондай ақ жүктерді сақтау ережесі қаншалықты орындалып жатқаны да назардын тыс қалмайды. Дерекке сай кейбір қоймаларда қажетті талаптардың өз деңгейінде емес екені анықталған Алдағы уақытта мұндай ғимараттар бақылауға алынып, кемшіліктер түзетілгенше мамандар олардың жұмысын қадағалап отырмақ. Еске салайын, қыркүйектің 28 күні Ташкентте Сіргелі ауданы аумағындағы қоймалардың бірінде жарылыс болған еді. Салдарынан бір адам қаза тауып 163 тұрғын жараланған. Жарылыстың күштілігі сонша, оның дүмпуі 30 шаршы шақырымдай аумаққа тарады. Сол маңдағы бірнеше ондаған үйге зақым келіп, есік- терезелері бүлінген. Бұл оқиға бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы бабымен қылмыстық іс қозғалған, құқық қорғаушылар апаттың мән жайын анықтап жатыр. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу