Көрші елдерде жағдай ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрші елдерде жағдай ушығып барады

26.03.2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65-ке жетті. Сонымен қатар, Тәшкент пен Наманғаннан кейін ертең Андижан да карантинге жабылайын деп отыр. Айта кететін тағы бір жайт, Өзбекстанда жұмбақ инфекциямен күреске арналған ауруханалар салына бастады. Олардың алғашқысының құрылысы бес күннен кейін аяқталуы мүмкін. Бұл республика өзінің мемлекеттік шекарасын наурыздың 23-де жауып, тұрғындардың қоғамдық орындарда маскасыз жүруіне тыйым салды.

Ал Қырғызстанда Covid-19 дертіне 44 адам шалдыққан. Эпидемия қаупіне байланысты елде төтенше жағдай жарияланып отыр. Бұнда да қазір маска тапшы. Оны тігуге онкологиялық ауруларға шалдыққан әйелдердің «Өмір үшін біргеміз» атты тобы да жұмылдырылып отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу