Ауғанстандағы қуаты 6,3 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңға жуықтады. Жараланғандар 10 мыңға таяған. Зілзала елдің батысында Иранмен шекаралас Герат провинциясында болды. Одан кейін тағы екі қуатты дүмпу тіркелді. Жер сілкінісінен 1300-ден астам үй қираған. 12 ауыл жермен-жексен болды. Адамдар үйінділердің астынан әлі толық шығарылған жоқ. Сондықтан құрбандар саны көбеюі мүмкін. Ауғанстанда соңғы рет қуатты дүмпу/ былтыр жазда елдің оңтүстік-шығысында болды. Одан мыңнан аса адам қаза тауып, 1600 адам жараланды. Ондаған мың адам үйсіз қалды. Жылдар бойы ауыр гуманитарлық дағдарыстан шыға алмай отырған елге зілзала ауыр соққы болды.
Арай Төлегенқызы