Ауғанстанда 500 үй жермен-жексен болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда 500 үй жермен-жексен болды

12.10.2023

Ауғанстанның қуатты зілзала соққы берген Герат провинциясында жағдай әлі қиын. Іздеу-құтқару жұмыстарына, инфрақұрылымның істен шығуы да кедергі келтіріп жатыр. Өңірде кеше тағы да жер сілкінді. Дүмпуден 1 ауылдағы 500 үй жермен-жексен болған. Ал өткен сенбіде провинцияда магнитудасы 6,3 баллдық зілзала болып, оның артынан 8 шағын дүмпу тіркелді. Табиғи апаттан 2400 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам тұрғын жараланған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу