Иранда жер сілкінісінен бес адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жер сілкінісінен бес адам қаза тапты

02.07.2022

Иранда қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісі болып, 5 адам қаза тапты. 49 тұрғын жараланды. Кейбіреуі ауруханада жатыр.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зілзала елдің оңтүстігінде таңертең болған. Содан бері қуаты әр түрлі 24 дүмпу тіркелген.

«Рейтер»-дің дерегінше, бір ауыл жермен-жексен болған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір іздеу-құтқару жұмыстары толық аяқталды.  

Хабарламаларға жазылу