Түркия компаниясы Қазақстан экономикасының түрлі салаларында, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Eren Holding басшысы Ахмет Ерен еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездесу барысында айтты. Түрік компаниясы басшысының сөзінше жоспарланған жобалар қағаз өндірісі, тау-кен металлургия кешені, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Айта кетейік, қазір елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Оның ішінде инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика салалар бар.
Аида Ахметбек