Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін 73 жоба жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін 73 жоба жүзеге асырылады

05.12.2019

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін елімізде 73 жоба жүзеге асырылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құрылыс салуға шетелдік инвесторлар да ерекше қызығушылық танытып отыр. Қазір жатақхана салуға ниетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Елімізде 75 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Оның 17 мыңы Нұр-Сұлтан қаласында. Мәселені шешу үшін Елбасы 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырған болатын.

Қазақ гуманитарлық заң университетінде студенттердің 50 проценті өзге өңірлерден келеді. Сондықтан оқу орнында жатақхана мәселесі үнемі өзекті. Қазір 370 орындық ғимарат бар. Алайда ол аз болып тұр. Тағы 500 орынға лайықталған замануи үлгідегі жатақхананың жобасы дайын. Университет басшылығы осы жобаны жүзеге асыру үшін түрік инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұл — барлық тараптың мүдделерін ескеретін тиімді тетік. Инвестиция салуға ынталы компаниялар үшін қолайлы жағдай. Сондықтан шетелдік инвесторлар бұған айрықша қызығушылық танытуда.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу